Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ тоғыз жасар баланы құтқарған мектеп оқушысын арнайы марапаттады

Опубликовано:

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин 9 сынып оқушысы Кирилл Куфельдпен кездесті. Жеткіншек өз өмірін қатерге тігіп, Нұр-Сұлтан қаласында суға батып бара жатқан тоғыз жасар баланы құтқарған деп хабарлайды ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

марапат
Фото: ІІМ ТЖК баспасөз қызметі: UGC

Өткен жылдың жазында елордада Пригородный кентінің маңындағы Нұра өзенінің арнасында оқушы бала шомылуға рұқсат етілмеген жерде ересек адамдардың қарауынсыз суға түсіп, бата бастаған.

Осы уақытта жақын жерден өтіп бара жатқан Кирилл су бетінде қозғалыссыз дененің болғанын көріп, баланы құтқару үшін суға қарай ұмтылды.

Ағымдағы жылдың мамыр айында құтқарылған баланың әкесі Ішкі істер министрі мен Білім және ғылым министріне Кириллдің батыл әрекетін бағалап, марапаттау туралы жазбаша өтініш білдірді.

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар комитетінің жеке құрамының қатысуымен оқушыларға көрсеткен қырағылығы, батылдығы мен қайсарлығы үшін алғысын білдіріп, оның батырлық іс-әрекеттері мен тез реакциясының арқасында баланың өмірі құтқарылғанын атап өтті.

"Қаршадай жаста бола тұра, өзінің өмірін қатерге тігіп, басқаны құтқаруға әр бала бара бермейді", - деген министрдің орынбасары мектеп оқушысын Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797209-iim-togyz-zasar-balany-ktkargan-mektep-okusysyn-arnajy-marapattady/

pixel