RU
Ержан Максим елордадағы ерекше кеште Тоқаевтың алдында ән салды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ержан Максим елордадағы ерекше кеште Тоқаевтың алдында ән салды (фото)

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда өткен «Жұлдыз-ай» фестивалінің гала-концертіне барды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ержан

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті ерекше мұқтаж балалардың шығармашылығына арналған XIV «Жұлдызай» халықаралық фестивалінің гала-концертін тамашалады.

Конкурстық іріктеудің ақтық кезеңіне 255 бала қатысты. Ең таңдаулы өнерпаздар қорытынды гала-концерттің бағдарламасына енгізілді.
Ержан Максим елордадағы ерекше кеште Тоқаевтың алдында ән салды (фото)

Фото: Ақорда

Концертте фестивальға қатысушы балалармен бірге дуэтте "КешYOU", Дәулет Болатов, Балжан Бидаш, Айша, Назым Абілдина сияқты отандық эстрада жұлдыздары мен «Дауыс. Балалар» жобасының жеңімпазы Максим Ержан өнер көрсетті.

Ержан Максим елордадағы ерекше кеште Тоқаевтың алдында ән салды (фото)

Фото: Ақорда

Бұл халықаралық фестивальді Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «BI-Жұлдызай» корпоративтік қоры ұйымдастырды.

Биыл шығармашылық конкурсқа қатысу үшін Қазақстанның барлық өңірінен 7 758 өтінім түскен. Оның сыртында, Грузиядан, Беларусьтен, Түркиядан, Ресей Федерациясынан және Франциядан өнерпаздар қатысты. 

Сіздің реакцияңыз
3
1
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel