RU
Қостанайда балаларға арналған батуттарды жел ұшырып кетті (видео)

Қостанайда балаларға арналған батуттарды жел ұшырып кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Қостанайда балаларға арналғант батуттарға атысты екі оқиға орын алды. Біріншісінде аттракцион аударылып түссе, екінші батут ұшып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

qostanay.tv мәлімдеуінше, қатты жел Жағалау жақтағы үрмелі батутты құлатып жіберген. Төтенше жағдай видеоға түсіп қалыпты.

Екінші оқиға "Әуежай" ықшамауданында болған - ол жақта тағы бір батут ұшып кеткен. Алау басылымының жазуынша, бұл уақытта балалар болмапты.

Аталмыш оқиғаларға қатысты және зардап шеккендер туралы әзірге нақты ресми ақпарат жоқ.

Еске сала кетсек, 25 мамыр күні Қарағандыда батут аударылып, бір бала көз жұмды. ІІМ балалар батуты қызметін уақытша тоқтата тұруға шақырды.

Кейінірек, желіде оның құлаған сәтінен видео пайда болды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel