RU
"Астана" капитаны өз жанкүйерін ұрып тастады (видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Астана" капитаны өз жанкүйерін ұрып тастады (видео)

Рассказать Вконтакте

Велошабандоз Мигель Анхель Лопес жарыс кезінде тас жолға жүгіріп шыққан жанкүйерін соққыға жықты деп хабарлайды Sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мигель Анхель Лопес. Фото: Tour of Austria/EXPA

Мигель Анхель Лопес. Фото: Tour of Austria/EXPA

Италияда өтіп жатқан веложарыс кезеңдерінің бірінде жанкүйер жігіт ақтық мәреге санаулы шақырым қалған сәтте жолға жүгіріп шығып, Лопеске кедергі келтірген.

Жанкүйерінің кесірінен "Астана" командасының капитаны құлап, басқа отандық спортшыдан қалып қойды.

Уақытын жоғалтып алған велошабандоз 18 болып келді. Ол өзінің командаласынан бір минут 49 секундке қалып қойған.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel