RU

"Нағыз аспаз": Лағман дайындаған отандық актер жұртты тәнті етті (видео)

Қуандық Шәкіржанов өз оқырмандарына лағманды қалай дайындау керектігін көрсетті. Көпшілік отандық актердің тамақ әзірлеу шеберлігіне тәнті болып, оған жоғары бағасын берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Қазақстандық кино саласының майталманы ас әзірлеген сәтін өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Видеода Шәкіржановтың лағман созып жатқанын көруге болады.

Желі қолданушылары актердің ерекше өнеріне тамсанып, оның ер басымен тамақты керемет дайындап жатқанын жазды.

"Керемет, жарайсыз. Қолыңыздан келмейтін іс жоқ сияқты" , "Әйеліңіздің жолы болыпты" , "Өте қарапайым актер. Тамақ әзірлей білу де өнер ғой" , "Көптеген ер адамның қолынан келмейтін іс, жарадыңыз аға" , "Менің күеуім тамақ жасауға гамыстанады", "Жарайсыз, нағыз аспаз екенсіз ғой" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1797260-nagyz-aspaz-lagman-dajyndagan-otandyk-akter-zrtty-tnti-etti-video.html