RU
Алматыда эстремистік ұйымның әрекетіне қатысқаны үшін үш адам тұтқындалды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда эстремистік ұйымның әрекетіне қатысқаны үшін үш адам тұтқындалды

Рассказать Вконтакте

Алматыда тыйым салынған эстремистік ұйымның әрекетіне қатысты деген күдікпен үш адам тұтқындалды деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ria.ru

Фото: ria.ru

Қалалық полицияның баспасөз қызметі Шевчук, Демеуова мен Джаукероваға қатысты тыйым салынған ұйым әрекеттеріне қатысу бабы бойынша іс қозғалғанын жеткізді.

Анықталғандай, күдіктілер тұтқындалуы мүмкін екенін жақсы білген. Себебі, олармен бірнеше мәрте түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әкімшілік жаза тағайындалған.

Алайда, тәртіп сақшылары тарапынан болған ескертулер олапға әсер етпеген. Күдіктілер тыйым салынған экстремистік ұйымның әрекетіне қатысып, онда өзгелерді шақыртуды жалғастыра берген.

Нәтижесінде, күдіктілерге бірінші маусымнан бастап, сот санкциясына сәйкес үй қамақта болу тағайындалған. Қазіргі таңда, іске қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel