RU
Шымкенттің бас дәрігері бөбектер үйіндегі сәбилердің тұсауын кесті
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттің бас дәрігері бөбектер үйіндегі сәбилердің тұсауын кесті

Рассказать Вконтакте

Халықаралық балалар күні мерекесіне орай Шымкенттегі мамандандырылған бөбектер үйінде сәбилерді бесікке салу және тұсаукесер рәсімі өтті деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ттұсау

Фото: Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Бұл шараға қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев қатысты.

Қазақтың жөн-жоралғылары бойынша тәй-тәй басқан алты баланың тұсауы кесілді. Одан өзге бөбектер үйінде төрт сәбидің шілдехана тойы өткізілді.

«Мереке қарсаңында қаладағы оңалту орталықтарындағы айықпас дертке шалдыққан балалар да мерекелік құттықтау шарасынан қалыс қалмады. Атап айтқанда, №2 және «Мейірім» оңалту орталықтарында мерекелік шара өтті. Балаларды құттықтап барған ақ халаттылар оларға сыйлықтар тарту етті», - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel