RU
"Мұрындарынан қан кетті": Атыраудағы шеру кезінде оқушыларға күн тиген (фото)
Жаңалықтар Қоғам

"Мұрындарынан қан кетті": Атыраудағы шеру кезінде оқушыларға күн тиген (фото)

Рассказать Вконтакте

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, мектептер мен басқа да білім беру мекемелерінің қатысуымен өткен мерекелік шеру кезінде 20 шақты баланың басына күн тиген. Жергілікті билік шара ұйымдастырушыларына қызметтік тексеру жүргізмекші деп хабарлайды "Ақ Жайыққа" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

атырау

Фото: azh.kz

Атырау облыстық жедел жәрдем станциясының директоры Ерлан Сүйеуғалиевтің айтуынша, олар өздерін нашар сезініп, мұрындарынан қан кетіпті. Зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетілді.

Қаладағы барлық мектептен, спорттық және шығармашылық оқу орындарынан 15 мыңға жуық бала шеруге қатысқан.

"Мұрындарынан қан кетті": Атыраудағы шеру кезінде оқушыларға күн тиген (фото)

Фото: azh.kz

Балалар таңертеңгі сағат 7-де облыстық тарихи-өлкетану музейінің жанына жиналу керек болыпты. Сағат 9-да басталған шеру сол маңнан орталық көпір арқылы алаңға қозғалған.

Ал Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі балаларда сәл ғана әлсіздік болғанын, сол жерде оларға медицина қызметкерлері көмек көрсеткенін, бірде бір бала ауруханаға жатқызылмағанын хабарлады.

Осы оқиғаға байланысты шеру ұйымдастырушыларға қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі.

Сіздің реакцияңыз
0
1
10
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel