RU

Головкиннің промоутері "Канеломен" болатын үшінші кездесу туралы мәлімдеді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промотері Том Леффлер отандасымыз шаршы алаңға шығуы мүмкін жерлерді атап өтті деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

промоутер
GGG мен "Канело". Фото: goldenboypromotions.com: UGC

Леффлер Генаның үшінші кездесуі мына ареналардың бірінде өтетінін айтты: AT&T Stadium (Даллас), Madison Square Garden (Нью-Йорк) немесе Сан-Антонио.

Айта кетерлігі, басылымның жазуынша, бұл тізімде Головкин мен Альварестің бірінші жекпе-жегі өткен T-Mobile Arena жоқ екен.

Сонымен бірге, үшінші айқас шамамен 14 қыркүйек күнге жоспарланғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1797289-golovkinni-promouteri-kanelomen-bolatyn-sinsi-kezdesu-turaly-mlimdedi.html