RU
Головкин мен Роллс Нью-Йорктегі Times Square алаңында көз арбасты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Головкин мен Роллс Нью-Йорктегі Times Square алаңында көз арбасты (фото)

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкин мен Стив Роллс Нью-Йорк көшелерінде көз арбасу рәсімін өткізді. Боксшылар Times Square алаңына шығып, бірнеше күннен соң өтетін жекпе-жек алдында арнайы фотосессия жасаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Боксшылар көз арбасу рәсімі кезіндегі суреттерімен өздерінің Instagram парақшаларында бөліскен.

Головкин мен Роллс көптен күткен жекпе-жек алдында жанкүйерлерін жаңа суреттерімен қуанту үшін Нью-Йорк көшелеріне шықты. GGG мен Роллстың кездесуі басты бокс кеші болмақ.

Сонымен қатар, оларға аталмыш бокс кешінің андеркардында жекпе-жек өткізетін Әли Ахмедов пен Маркус МакДэниел келіп қосылды. Ахмедов пен МакДэниел WBC International чемпиондық белбеуіне таласады.

Айта кетейік, бұған дейін Головкин-Роллс жекпе-жегі тоғызыншы мамыр күні өтетінін хабарлаған болатынбыз.

Қазақстандағы сайлау күнімен тұспа-тұс келетін отандасымыздың кездесуі Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскелері тікелей эфирде көрсетпек.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel