RU
Ләйлә Сұлтанқызы "Өз ойым" бағдарламасына қатысты дауға пікір білдірді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ләйлә Сұлтанқызы "Өз ойым" бағдарламасына қатысты дауға пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Ләйлә Сұлтанқызы осыдан біраз уақыт бұрын болған "Өз ойым" бағдарламасына қатысты дауға пікір білдірді. Тележүргізуші өз шындығын "Хабар" арнасындағы "Қарақатпен шай" бағдарламасында айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі Қарақат Әбілдина Ләйлә Сұлтанқызынан: "Сол жерге шақырған кейіпкердің шынайы ма? Әлде ол ақысы төленген актерлер ме? Соны өз аузыңнан білгім келіп отыр", - деп сұраған.

Ал тележүргізуші бұл сұрақтың жауабын әзір айта алмайтынын жеткізді.

"Қиын емес. Біріншіден хабарды бастан-аяқ ешкім көрмеген. Бәрі "Ұлт үшін" деп отыр. Біреу 9 санын көрсе, екіншісі 6 деп көруі мүмкін. Екінші тарапты ешкім көрмейді, тыңдағысы келмейді. Әзірге емес. Сәл уақыт өтсін айтамын. Бір себеп бар. Сәл шыда", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

"Демек бұл бағдарламаның мақсаты рейтинг болды. Халық көрді. Сол келген кейіпкеріміздің аузынан естіді. Енді одан артық қандай дәлел керек?", - деді Қарақат Әбілдина.

"Халықтан бөлек, екінші тарапты сол сәтте сұраған адам жоқ. Демек солай қабылдау ыңғайлы болды. Уақыт керек. Біріншіден ол жағдайды мен жалпыға айтамын. Ол сұрақты біріншіден сенен күтпедім. Мен жауап берсем де, сен сұрақты тоқтатпай отырсың ғой. Уақыты келеді. Толыққанды дұрыс жауап болады. Жағдай айтылады, түсіндіріледі. Сол кезде бір жақты пікір қалыптастырған адамдар ойланады.
Әр адамның өз шындығы бар. Менің қолыма факті керек. Менің қолыма дұрыс жауап керек. Мен адамдармен сөйлесіп, жағдайды іштей білуім керек. Ешкім ол жерде қабылдағысы келген жоқ. Мен сценарийді эфирге жарты сағат қалғанда аламын. Ешкім ол шындықты әлі күнге естігісі келмейді. Мен айтамын, ол шындықты. Сол сәтте бір журналист немесе бір адам хабарласып, "Ләйлә осындай жағдай болып жатыр екен. Түсіндіріп бере аласыз ба?" демеді.
Менің бір таңғалғаным, бір адам хабарласқан жоқ. Енді оны дұрыс, заңды түсіндіру керек. Сол кезде жаман жазған адамның бәрі, сол әріптесім де "Ләйлә кешірші" деп жатыр. Егер мен сол кезде елдің алдына түсіп алып, "Халқым, мен ондай емеспін" десем... Қазіргі жағдайды қарашы, бәрін бүге-шүгесіне дейін айтатын уақыт келеді", - деп жауап берді Ләйлә Сұлтанқызы.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың сәуірінде 19 жастағы қазақ қызы "Өз ойым" бағдарламасында пәктігін 2 млн теңгеге саудаға шығарған болатын.

Сіздің реакцияңыз
21
2
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel