RU
Нұртас Адамбайдың ұлы менталды арифметикадан Еуразия чемпионы атанды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Нұртас Адамбайдың ұлы менталды арифметикадан Еуразия чемпионы атанды (фото)

Рассказать Вконтакте

Актер Нұртас Адамбайдың ұлы менталды арифметикадан Еуразия чемпионы атанды. Алты жасар Әлішер мың қатысушы ішінен суырылып шығып, жеңіске жеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышы қойнына сыймаған әке бұл жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында мақтанып бөлісті.

Ол ұлының жетістігі туралы желі қолданушыларын хабардар етуді жөн көрсе керек.

"Бірінші орын! Менталды арифметикадан Еуразиялық олимпиада! Мың қатысушы! Құттықтаймын, балам! Өткен жылы Әлішер Алматыдағы қалалық олимпиадада бірінші орын алған, енді еуразиялықта. Чемпион" , - деп жазды Нұртас Адамбай.

Көпшілік отандық кино продюсердің қуанышына ортақтасып, оған құттықтауларын жаудырған.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel