RU
Клип түсіремін деп түйеден оңбай құлаған Сиви Махмуди ағынан жарылды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Клип түсіремін деп түйеден оңбай құлаған Сиви Махмуди ағынан жарылды

Рассказать Вконтакте

Сиви Махмуди NURTV.KZ-тің "Клип Show" бағдарламасында клип түсіру үшін шетелге барып, түйеден құлаған сәтін еске алды. Оқыс оқиғадан кейін әншіге біраз уақыт емделуге тура келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сиви Махмуди. Фото: Клиптен кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Сиви Махмуди. Фото: Клиптен кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Әнші екі жыл бұрын түсірген бейнебаянын қорқынышпен тамашалайтынын жасырмады.

"Бейнебаянның аяқ жағында жаман болды. Мен түйеден құладым. Клиптің бәрін түсіріп болдық. Аяқ жағында режиссер "Түйеге түсейік енді. Үзінді болсын" деді.

Енді түсіріп бастаған кезде, түйе мені лақтырып жіберді. Тағы жұммсақ жер емес, тас жолға мойныммен құладым. Орнымнан тұра алмай, 5-6 минут жатып қалдым. Біразға дейін емделдім. Жарақат болды.

Құлағанда ең бірінші ойым "Өлдім, осы жерде алғашқы көмек көрсететін орын бар ма екен" деген болды. Өйткені ГОА айдалада, аралда клип түсіріп жатырмыз.
Әйтеуір аман қалдық. Біраз уақытқа дейін емделдім. Биіктен құлау оңай емес. Бейнебаян ұнайды, бір жағынан көрсем, жүрегім зу ете қалады", - деді Сиви Махмуди.

Сіздің реакцияңыз
0
3
2
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel