Выйти
RU

"Гонорар болмаса, бармаймын": Сиви Махмуди той-бизнес туралы айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сиви Махмуди NURTV.KZ-тің "Клип Show" бағдарламасында тойға қаншалықты жиі шығатынын айтты. Әнші көбіне Алматыдағы тойларға жиі баратынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі еліміздің өзге аймақтарына тек гонорар ұнаса ғана баратынын жасырмады.

"Мерейтойларға жиі шақырады. Алматыға болмаса, басқа қалаларға бара бермеймін. Өзіме ұнаған гонорар болмаса, бармаймын.
Өйткені, балаларым кішкентай. Ал Алматыға көп барамын. Алматыда қатып қалған баға жоқ. Халықтың жағдайына қарай келісемін. Ал басқа қалаларға нақты баға бар", - деп ағынан жарылды Сиви Махмуди.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Сиви Махмуди бейнебаян түсіру барысында түйеден құлап, жарақат алғанын ашып айтқан болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Гонорар болмаса, бармаймын": Сиви Махмуди той-бизнес туралы айтты