Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақымақтық": Подиумға үлкен шар киіп шыққан қыз елдің күлкісін келтірді

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде подиумға үлкен шар киіп шыққан модель арудың видеосы тарады. Көпшілік сәннің бұл түрін ұнатпай қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Twitter

Видео @insa_world_of_fash парақшасында пайда болған.

Бейнежазбадан бойжеткен үстіне жауып шыққан үлкен шардың ішінен ауа бөлінгенін аңғаруға болады. Артынша сәнқой қыз оны үстіне бірден киіп алған.

Бұл бейнежезабаны көрген жұрт мұндай сәнге қарсылықтарын білдірді.

"Бұл шынымен ақымақтық", "Мұндай ақымақ идеяны ешқашан көрмеппін", "Адамдар осыны көру үшін ақша төлейді ғой. Байлар ақшаларын қайда жұмсауды білмейтін сияқты", "Бұл киімді кім киеді дейсің?" деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1797386-akymaktyk-podiumga-lken-sar-kiip-sykkan-kyz-eldi-klkisin-keltirdi/

pixel