RU
Әкесі туралы айтқан Азамат Сатыбалды жұртты жылатты (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әкесі туралы айтқан Азамат Сатыбалды жұртты жылатты (фото)

Рассказать Вконтакте

Азамат Сатыбалды 89 жасқа келген әкесі жайлы айтып, жұрттың жүрегін елжіретті. Актер қазыналы қарттың жиі қайталап отыратын бірнеше ақылын көпшілікпен бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі әкесінің тәрбиелік сөздерін Instagram парақшасына жазып қойды.

"Әкем"тәубешіл" бол деп айтатын. "Біз не көрмедік... Апам қалған қуырылған бидайды өзі жемей, маған беріп өзі аштықтан ісініп қайтыс болды. Бір үйде емес, әрбір шаңырақта осындай қайғы қасіреттер болып жатты. Сондай қиын кезде үлкендер көппен көрген ұлы той" деп бәрімізге басу айтатын. Бізді осындай күнге жеткізгені тәубәшілдігіміз.
Екінші ақылы: "Ешқашан шаршадым" деме дейтін. "Күректен қолымыз ойылып, беліміз шойырылып, қажаған етіктен аяғымыз қанталап жатса да, шаршауға уақыт жоқ деп айтатынбыз. Үйге қара түнде келіп, ісініп кеткен аяғымыздан етігіміз шешілмей, қонышын пышақпен кесіп, ертесіне етікті қайта тігіп жұмысқа шығатынбыз. Сондықтан шаршадым деме балам" дейді әкем", - деп актер әкесі айтқан өсиет сөздерді еске алды.

Сондай-ақ Азамат Сатбыалдының әкесі ұлына "жоқ" деген сөзді айтпауға кеңес берген.

"Жоқ десең, жоғалып кетесің. Барыңа тәуба де. Тірісің бе, демек сенде бар. Болмаса, ниетіңе қарай болады. Інім екеуміз мектепке бір киім кидік. Түске дейін мен, түстен кейін сол киімді інім киетін. Сонда анамыз, бізде бәрі бар осыған тәуба дейтін", - деп театр актері әкесінің ғибратты сөздерін аяқтады.

Айта кетейік, желі қолданушылары қарияның амандығын тілеп, жүректерінің елжірегенін жарыса жазды.

"Керемет асыл сөздер. Қандай бақыттысың. Қарты бар үй қазыналы деп бекер айтпаған ғой", "Жүрегімді елжіретті. Алла тыныштығымыздан айырмасын. Ақыл айтар ақсақалдарымыз аман болсын".

"Өте орынды ақыл. Аумин барлығымызға Аллаһ Тағалам атаның жасын берсін", "Жүз жасасын", "Менің де əкем үнемі "мұндай өмірді көреміз деп ойламадық" дейді. Аллаға күнде ризашылығын білдіріп отырады. Қазір 86 жаста. Ата-анамыз барда біз қашанда баламыз. Ата -анамызға Алла мықты денсаулық, ұзақ өмір берсін" деп пікір білдірді желідегілер.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
2
29
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel