RU
Айсәуле Бақытбек атышулы "Кел келінімді" ақша үшін жүргізгенін жайып салды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айсәуле Бақытбек атышулы "Кел келінімді" ақша үшін жүргізгенін жайып салды

Рассказать Вконтакте

Айсәуле Бақытбек осыдан біраз уақыт бұрын атышулы "Кел келінім" бағдарламасын жүргізген болатын. Танымал продюсердің қызы бұл қадамға гонорар үшін барғанын мойындады деп жазады "Oybay show" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Тікелей эфирде өз-өзіммен жұмыс істеуді, қазақ тілінде дұрыс сөйлеуді үйрендім. Әрине тәжірибе жинадым. Маған "Кел келінімде" жақсы гонорар төлегенін жасырған емеспін.

Ең алғашында мен кастингке келдім. Мені таңдап алып, шақырды. Сөйлесуге шақырып, өз бағаларын ұсынды. Алайда мен келіспей, өзім қалаған бағаны айттым. Бірақ олар бас тартып, артынша қайта келісті.

Шынымды айтсам, мен о баста барғым келмеген. Өйткені, біздің телеарналарды қарауға ұяламын", - деді Айсәуле Бақытбек.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Айсәуле Бақытбек қайын жұртына екі иті мен үй қызметшісін көшіріп апарғанын айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
9
1
5
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel