RU
"Қош бол, Сайрагүл": Қазақстаннан босқын мәртебесін ала алмаған этникалық қазақ елден кетті

"Қош бол, Сайрагүл": Қазақстаннан босқын мәртебесін ала алмаған этникалық қазақ елден кетті

Рассказать Вконтакте

Шыңжаңнан келген этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай Қазақстаннан босқын мәртебесін ала алмай, кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы адвокат Айман Омарова Facebook парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Омарованың Facebook парақшасында Сайрагүлмен қоштасқан жазбасы пайда болды. Суреттерде келіншек пен адовкаттың Алматыдағы әуежайдың халықаралық ұшу залында тұрғанын байқауға болады.

"Қош бол, Сайрагүл! Жолың болсын! Бақытты бол! Атажұртыңда қазақпын деп асығып, Қытайдан қашып келгенде пана бермесе де, енді өміріңе дүние жүзінде ең дамыған мемлекет есігін ашты! Ұмытпа! Сен әрдайым Нағыз қазақтың қызы екеніңді!!!",- деп жазған ол.

Қорғаушы "Азаттық радиосына" Сайрагүлдің күйеуімен және балаларымен ұшып кеткенін айтты. Оның сөзінше, келіншек Швециядан пана табу үшін БҰҰ-ға құжат тапсырған.

Басылымның хабарлауынша, Омарованың қандай пана екенін нақтыламаған.

Сонымен қатар, қорғаушы Талдықорған аппеляциялық соты Сауытбайдың ісін Алматы облыстық көші-қон басқармасының комиссиясына қайта қарауға жібергенін мәлімдеді.

Келіншек Қазақстан шекарасынан заңсыз өту туралы іс бойынша айыпталды. Қазан айында оған босқын мәртебесі берілмейтіні белгілі болды. Оның өтінішін қараған комиссия Қытайдағы этникалық қазақты қудалауды дәлелсіз деп тапты.

29 мамырда облыстық сот қалалық соттың талап арызды қарауды тоқтату туралы шешімінің күшін жоюға қаулы етті.

Адвокаттың пікірінше, процессті созып жатыр.

Өткен жылдың тамыз айында Сайрагүл қазақ-қытай шекарасынан заңсыз өткені үшін кінәлі деп танылды. Ол өзін өлім жазасы күтетінін айтып, ҚХР-ға депортацияламауды сұрады.

Сот оны депортацияламай, қамаудан босатып, пробациялық бақылау тағайындады.

Сіздің реакцияңыз
37
4
2
12
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel