Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда көздің жауын алатын алып батуттар әлі де жұмыс істеп тұр

Опубликовано:

Өткен сенбіде ғана Қостанай қаласындағы саябақтардың бірінде екі бірдей батуттың аударылып түскені туралы мәлімет тараған еді. Ал оның алдында Қарағандыда жел ұшырып әкеткен батут салдарынан 11 жасар жеткіншек қаза тапты. Қайғылы оқиғадан кейін әкімдіктер үрмелі аттракциондар алынып тасталды деп сендірген еді. АлНұр-Сұлтандағы саябақтарда батуттар бар ма? Олардың жай-күйі қалай? KAZ.NUR.KZ тілшісі елорданы аралап көрді.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: Original

Нұр-Сұлтандағы тұрғындар көп келетін демалыс орындарының бірі – Орталық Саябақ. Онда демалыс күндері ине шаншар орын болмайды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Көргеніміздей, мұнда күні бүгінге дейін көздің жауын алатын алып батут жұмыс жасап тұр. Өкініштісі, онда асыр салып ойнап жүрген бөбектердің санында шек жоқ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Өткенде батуттарды алып тастады дегенді естідік. Бірақ алған адамды көрмеппіз. Яғни алынған түгі жоқ. Қалай бәрі тұрды, солай бәз-баяғы қалпында тұр", - деді қала тұрғындарының бірі.

Астаналықтар жиі баратын тағы бір саябақ қаланың қақ ортасындағы - "Жетісу" саябағы.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Ол жерде де үрмелі алып батут өз жұмысын тоқтатпаған көрінеді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Батут иелерінен ойнау бағасын сұрағанымызда "500 теңге" деген жауап алдық. Ал "Батут орнатуға деген рұқсат қағаздарыңыз бар ма?" деп сұраған едік,

"Рұқсатымыз бар, бірақ көрсете алмаймыз. Бәрі тексереді бізді, жайдан жай тұрған жоқпыз", - деген қисынсыз жауап алдық.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Батуттар алынған жоқ, бәрі бос сөз. Сол күндері мүмкін желін шығарып, кішірейткен болу керек, бірақ көргендеріңіздей жұмыс жасап тұр. Тағы бір қайғылы оқиға болмайынша, бұлар жиналмайды", - деп күйінді қала тұрғындарының бірі.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Өкініштісі, батуттың жерге орнатылған бөлігі де тым әлсіз. Ол бар болғаны мынадай жіңішке ілмекпен бекітіліп қойған .

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

P.S. Елімізде батутқа қатысты орын алған оқыс оқиғалар көп болғанымен, қала билігі одан әлі сабақ алатын емес. Тек балалар омбудсмені Сәуле Айтпаева ғана батут қызметін ұйымдастыру үшін кәсіпкерлерге лицензия беру қажет деген бастама бастаған болатын. Енді тек аталмыш бастама сөз жүзінде ғана қалмай, іс жүзінде де іске асады деген сенімдеміз...

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797409-nr-sltanda-kzdi-zauyn-alatyn-alyp-batuttar-li-de-zmys-istep-tr-foto/

pixel