RU
"GGG алға": Қазақстандықтар жаппай Головкинге қолдау білдіруде
Жаңалықтар Қоғам

"GGG алға": Қазақстандықтар жаппай Головкинге қолдау білдіруде

Рассказать Вконтакте

Қазақстандықтар Геннадий Головкинге барынша қолдау көрсету үшін арнайы флешмоб бастады. Желі қолданушылар тоғызыншы маусым күні жұдырықтасатын отандасымызға жеңіс тілеп, өз видеоларымен бөлісіп жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Отандық шоу-бизнес өкілдері арасында алғашқылардың бірі болып GGG-ге Бүркіт пен Аиша қолдау білдірді.

"Геннадий Головкин! Жақында жекпе-жек, өткізіп алмаңыздар. Біз өз спортшымызға жеңіс тілейміз! Головкин - қазақстандық спортшы. Ал қазақстандық спортшылар ең мықты әрі үздік" , - деді Бүркіт.

Жолдасының сөзін жалғастырған Аиша "жерлесім алға" деп, Бүркіттің ішіне соққы жасады.

Генаны қолдау флешмобына "Қазақстан аруы-2019" Мадина Батық та қосылды. Еліміздің хас сұлуы отандасымыздың жеңісіне сенетінін алға тартты.

"Гена, сіз халық үшін нағыз чемпионсыз. Біз сізге сенеміз! GGG алға" , - деді бойжеткен.

Сонымен қатар, желіде Головкинге қолдау білдірген екі бүлдіршіннің де видеосы тарады.

Геннадий Головкинді қолдау флешмобына қарағандылық кеншілер де қатысты. Боксшының жерлестері оның құрметіне әсерлі видео түсірген.

Идея авторының сөзінше, видеоға 300 жұмысшы қатысқан.

Түсірлім мекеменің өндіріс ауданында өткен. Арнайы ролик үшін жарылыс ұйымдастырылған. Оның аумағы 900 шаршы метрді құрды.

Мекеме өкілдерінің айтуынша, 12 тонна жарылғыш құрылғы қолданылып, 97 мың кубометрді құрайтын тау массасы жарылған.

"Біздің жерлесіміз Головкинге қолдау көрсетейік! Гена, біз сенің жеңісіңе сенеміз! Сенің соққыларыңжарылған жүз кубометр тау массасы іспетті жойқын болсын" , - деген жазба қалдырған видеоның астында.

Айта кетейік, желі қолданушылар өз парақшаларында отандық боксшыға қолдау білдіріп, видеоларына #GGGалға, #GGGalga, #GGGbizbirgemyz, #GGGмывместе хэштегтерін қалдыруда.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel