Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сұлтанқызы ішінің майын аппаратпен сорғызып, ота жасатқанын жайып салды

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы "Хабар" арнасының "Қарақатпен шай" бағдарламасында сұлулық үшін қандай құрбандыққа барғанын айтып берді. Тележүргізуші эфир барысында қабағын жасатқанын да жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тележүргізушінің айтуынша, оның липосакцияға дейін арықтауға жасаған әрекеттерінен нәтиже шықпаған.

"Мен елімізде липосакция жасатқандардың алғашқысымын. Өйткені, липосакция қарын майын сорғызу деген сөз.

Мен оны шамамен он жыл бұрын жасаттым. Екінші баламды дүниеге әкелгеннен кейін, менің артық салмағым кетпей қойды. Мен өте үлкен болдым. Сол кезде шамамен 2-3 литр майымды сорғыздым. Оны өзіме де көрсетті.

Әрине ол қорқынышты процедура. Оны ол кезде айтуға көп адам дайын болған жоқ.

Мен оны жасатпастан басқа амалым қалмады. Спортты да көрдім. Аузымды да тыйдым. Ешнәрсе болмағасын, соңғы амалға бардым. Оған өкінбеймін", - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Сондай-ақ, тележүргізуші 24 жасынан бері бетіне арнайы күтім жасатып, ботокстің көмегіне сүйенетінін де жасырмады.

"Мен ол туралы жиі айтамын. 24 жасымнан ботокс жасатқан адаммын. Өйткені, менің ана жағынан теріміз тез қартаятын типке жатады.

Яғни, әжім тез түсетін тері. Қазіргі уақытта ол өзінің күшін жоя береді. Бастапқыда бір жылға жетсе, уақыт өте келе бір-екі айға ғана жететіндей жағдай болады.

Мен 18 жастағы қыздың пластикалық ота жасатқанын қолдамаймын.

Бірақ 38 жастағы қыздың, 48 жастағы әйелдің пластикалық ота жасатқанын қолдаймын. Тек шектен шықпаса екен деймін.

Мысалы өзің білетін қыздардың қаншасы көзін жасатты. Оның ішінде мен де бармын. Мен көзімнің формасын өзгертпедім, тек салбыраған терісін тарттырдым.

Ол ұялатын, жасыратын дүние емес. Мен пластикаға өте орынды қараймын. Иә мен мезотерапия, ботокс, биоревитализация саламын. Мен тек беттегі теріні тарттырған жоқпын", - деп Ләйлә Сұлтанқызы ағынан жарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1797441-sltankyzy-isini-majyn-apparatpen-sorgyzyp-ota-zasatkanyn-zajyp-saldy/

pixel