RU
"Қаңғыбастар кірмес үшін": Алматы әуежайында орындықтар алынып тасталды
Жаңалықтар Қоғам

"Қаңғыбастар кірмес үшін": Алматы әуежайында орындықтар алынып тасталды

Рассказать Вконтакте

Алматы әуежайынан ұшып кететін жолаушылар енді шамаданда немесе кафе орындықтарында отыра тұруына тура келеді. Оған себеп ғимараттың бірінші және екінші қабатындағы күту залында орналасқан орындықтар алынып тасталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Қаңғыбастар кірмес үшін": Алматы әуежайындағы орындықтар алынып тасталды

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы әуежайында түске дейін адам көп болған жоқ. Тек қаланың кептелісінен ертерек келіп алған жолаушылар ғана бой көрсетіп жүрді. Олар өздерінің әуе рейсін тікесінен тік тұрып күтуге мәжбүр.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Ыңғайсыз болды Қазір әжетханаға бара алмайсың. Шығарып салушыларға жайлы емес. Менің ұшу уақытым үш сағаттан кейін орындалады. 20 минут болды тұрып тұрғаныма", - Надежда есімді жолаушы.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ішкі жөнелту залында рейсті күтуге арналған аймақ бар, бірақ шамамен 20 адамға арналған ғана орындықтар тұр.

Әуежай қызметкерлерінің бірі бұл басшылықтың шешімі екенін атап өтті.

Оның сөзінше, орындықтар халықаралық стандарттарға сәйкес алыныпты.

Маман осыған байланысты жолаушылардан көп шағын түскенін де алға тартты.

Әуежайдың баспасөз қызметі баратын жері жоқ адамдар, қаңғыбастар, жеке таксисттер кіріп кетпес үшін орындықтар тек жалпы залдан ғана алынып тасталғанын жеткізді.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Сіздің реакцияңыз
9
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel