RU
Нұр-Сұлтанда жоғалған бала Қостанай облысынан табылды
Жаңалықтар Қоғам

Нұр-Сұлтанда жоғалған бала Қостанай облысынан табылды

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше күн бұрын жоғалған тоғыз жасар бала Қостанай облысынан табылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нұр-Сұлтанда жоғалған бала Қостанай облысынан табылды

Көрнекі сурет: elespectador.com

Бірінші маусым күні тоғыз жасар баланың жоғалғаны туралы хабарлама әлеуметтік желі арқылы таратыла бастаған.

Хабарламада баланы белгісіз ер адам ертіп кеткені айтылған болатын.

Бала Қостанай облысындағы Ұзынкөл ауданының Речное елдімекенінен табылды.  

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы барысында учаскелік инспектор Асылбек Молдағалиев баламен жүрген бейтаныс әйелді байқап қалған. 

Полицей әйелдің кімге келгенін сұрағанда ол сасқалақтап, жауаптарында жаңылысып, өзін басқа атпен таныстырған.

Құжаттарын тексеру барысында әйел адамның Нұр-Сұлтан қаласынан келгені анықталып, баланың құжаттары болмаған.

Полицей ақпараттық жүйе арқылы кәмелетке толмаған бала мен әйелдің деректерін тексеріп, баланың із-түзсіз жоғалғандардың қатарында екенін анықтаған.

Ұлдың анасы ата-ана құғынан айырылғаны және оны заңсыз алып кеткені хабарланды. 

Полицейлер баланы заңды өкілі - әкесіне қайтарды. 

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel