RU
Допинг дауына іліккен отандық спортшылар жүлделерін қайтарып берді
Жаңалықтар Қоғам

Допинг дауына іліккен отандық спортшылар жүлделерін қайтарып берді

Рассказать Вконтакте

Кеңейтілген допинг тексеруден соң жүлдеден қағылған қазақстандық ауыр атлеттер Светлана Подобедова мен Ирина Некрасова олимпиада жүлделерін қайтарып берді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Допинг дауына іліккен қазақстандық ауыр атлеттер олимпиада жүлделерін қайтарып алды

Фото:Пол Гилхэм/Getty Image/news.ivest.kz

Светлана Лондон Олимпиадасының алтынын, Ирина Бейжің Олимпиадасының күмісін қайта алды.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті олимпиадалық хартия ережелерін ұстанып, әлемдік спорттағы Қазақстан құрамасының беделін сақтау мақсатында спортшылармен әңгіме жүргізді.

Атлеттер түсіністік танытып, төртжылдық додасында иеленген медальдарын қайтарып берді. 

Еске сала кетейік, 2016 жылы халықаралық олимпиада комитетінің тәртіптік комиссиясы мен Спорттық арбитражды сот қазақстандық жеті ауыр атлет пен екі балуанның Бейжің-2008, Лондон-2012 олимпиада ойындарында жеңіп алған медальдарын жоққа шығарып, олардың допингке қарсы ережені бұзғандарын жария еткен болатын.

Шешімге сәйкес атлеттер жарыстан шеттетіліп, нәтижелері жоққа шығарылды және медальдарды қайтаруға міндеттелді. 

Жақын арада қайтарылған медальдар Халықаралық Олимпиада комитетіне жолданады.

Жүлдесін әлі күнге дейін қайтармаған спортшылармен келіссөз жүргізуді ҰОК одан әрі жалғастырмақ. 

Сіздің реакцияңыз
1
0
3
4
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel