RU

Құдыққа түсіп кеткен ер адам екі күннен кейін табылды

Үндістанның Варангала ауылының тұрғыны Мадипелли Могили велосипедпен келе жатып, белгісіз себептермен жолдан ауытқып кетіп, тереңдігі 15 метр құдыққа құлаған деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: 120.su
Фото: 120.su: UGC

Ер адам дін аман. Алайда ол құлап кеткен құдық оның ауылынан біраз шақырым алыс болыпты. Сол себепті Мадипеллидің айқайын ешкім естімеген.

Тек оқиғадан кейін екі күн өткен соң, ер адамның ауылдасы жол жөнекей кетіп бара жатып, Мардипеллиді байқап қалыпты.

Ауылдастары оған арқан тастап, құдықтан аман-есен шығуына көмектескен.

Фото: 120.su
Фото: 120.su: UGC

Құтқарылған үндістандық азамат бірден ауруханаға барып, дәрігерлердің қаралауынан өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1797480-kdykka-tsip-ketken-er-adam-eki-knnen-kejin-tabyldy.html