RU

Түркістанда енді екі қабатты автобустар жүретін болады

Түркістан қаласы көшелерінде енді екі қабатты заманауи электрлі автобустар жүретін болды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қытайлық "BYD" компания өкілдерімен кездесуі кезінде облыс орталығына туристер үшін заманауи екі қабатты автобустар әкелінетіні белгілі болды.

Жолаушы тасымалдаушы құралының ұзындығы – 12 метр. Бір автобус 82 жолаушыға дейін тасымалдай алады.

Батареялар көмегімен жұмыс істейтін туристер тасымалдаушы құралының қуаты 200 км-ге дейін жетеді. Бұл өз кезегінде қала ауасының тазалығын сақтап қалуға септігін тигізбек.

Сондай-ақ, дәл осы кездесу кезінде Түркістан өңірінде электрлі батареялар, күн панельдері, электрлі автокөліктер мен автобустар құрастыру бойынша өндіріс ашу жөнінде келіссөздер жүргізілді.

Айта кетерлігі, былтыр Түркістан облысына 1,5 млн турист келген.

Биыл бұл көрсеткіш 1,7 млн адамға жетеді деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1797483-trkistanda-eki-kabatty-avtobustar-zretin-bolady.html