RU
Ержан Максим байқаудан жеңіп алған 1 млн рубльді қайда жұмсайтынын айтты

Ержан Максим байқаудан жеңіп алған 1 млн рубльді қайда жұмсайтынын айтты

Рассказать Вконтакте

Ресейлік "Голос. Дети" байқауының финалисті Ержан Максим өз талантының арқасында жеңіп алған 1 миллион рубльді қайда жұмсайтынын айтты деп жазады Bnews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жас талант елордада балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесіп, осыдан соң пресс-конференция өткізген.

Ержан Максимнің айтуынша, ол ұтысын ата-анасына бермек.

"Менде бәрі бар. Ештеңе керек емес. Ата-анам, ата-әжем, үйім бар", - деді жас әнші.

Ал Ержан Максимнің анасы ұлының iPhone алуды армандағанын айтады. Алайда соңғы уақытта жеткіншекке бірнеше гаджет тарту етілген.

Ержан Максим балалар үйіне барып, тәрбиеленушілерге Нұр-Сұлтанда өтетін концертіне билет сыйлаған.

Отандық және ресейлік әншілердің шығармаларын "Музыка Нұр" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Премиум жазылуға Tele2 мен ALTEL арқылы қол жеткізе аласыз. Толығырақ >>>

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel