RU
1 млн 200 мың теңге: Кәмшат Жолдыбаеваның той жүргізетіні рас па?

1 млн 200 мың теңге: Кәмшат Жолдыбаеваның той жүргізетіні рас па?

Рассказать Вконтакте

Кәмшат Жолдыбаева да арнайы кештер мен тойларды жүргізетін болып шықты. Бұл жайында "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасының тілшілері мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушілерінің мәліметінше, Кәмшат Жолдыбаеваның бір той жүргізуге сұрайтын қаламақысы - 1 млн 200 мың теңге екен.

Ал әншінің әріптесі Мақсат Базарбаев Жолдыбаеваның той жүргізетінін алғаш рет естіп тұрғанын айтып, таңғалысын жасыра алмады.

"Кәмшат та той басқарады ма? Олар енді жүргізуші шығар, тек хабарлап тұратын. Бірінші рет естіп тұрмын.
Ал қыз баланы асаба болып, ер азамат секілді алып кетеді деп ойламаймын. Асаба ретінде Құрманай Бақтиярқызына дұрыс қараймын. Ол жаттаған нәрсені айта бермейді. Ал Кәмшат туралы болса... Ол құр жүргізуші ретінде шақырылатын шығар. Ойын ойнатып, өйтпейтін шығар енді...", - деді Мақсат Базарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Кәмшат Жолдыбаева жаңа бейнебаяны арқылы жұртты шулатқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
9
2
1
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel