Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Назарбаевқа қандай ультиматум қойғанын айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев "Россия" телеарнасының "Вести недели" бағдарламасының жүргізушісі Андрей Кондрашовқа сұқбат беріп, үкімет басшысы болған кездері Назарбаевқа қандай ультиматум қойғанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев Назарбаевқа қандай ультиматум қойғанын айтты
Фото: Аkorda.kz: Facebook

Президенттің айтуынша, бұл 2001 жылдың аяғында болған. Сол кезде үкімет, министрлік және ведомстволардағы жастардың барлығы кірген кворум ұйымдастырылған.

"Менің рұқсатымсыз олар саясатпен айналыса бастады. Бізге терең демократиялық өзгеріс қажет деді. Қазіргі заманауи тілмен айтқанда, меніңше бұл "түрлі-түсті революция" талпынысы еді", - деді президент.

Мұны білген Тоқаев ультиматум қойған.

"Мен немесе мына жастар", - дедім. Президент оларды отставкаға жібермесе, "өзім кетемін", -дедім. Сол кезде президент менімен келісіп, жастарды отставкаға жіберді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1797502-tokaev-nazarbaevka-kandaj-ultimatum-kojganyn-ajtty/

pixel