Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атақты футболшы Неймар қыз зорлады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Белгілі футболшы, Париждің "ПСЖ" командасының шабуылшысы Неймарға қыз зорлады деген айып тағылды. Десе де спортшы өзіне тағылған айыппен үзілді-кесілді келіспейтінін айтып отыр. Бұл туралы gordonua.com-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Басылымның мәліметінше бойжеткен 31 мамырда Сан-Паулу полициясына шағым түсірген екен. Онда ол 15 мамыр күні Париждегі қонақүйлердің бірінде танымал футболшы Неймар өзін зорлағанын мәлім еткен.

Арудың сөзінше сол күні спортшы ішімдік ішіп, бойжеткенді жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүр еткен көрінеді.
Десе де футболшының адвокаттары аталған жаламен келіспейтіндіктерін жеткізді. Айтуларынша бойжеткен арызды қайтарып алу үшін, қыруар көлемдегі ақша талап еткен.

Ал фулболшының өзі болса желідегі парақшасына бойжеткенмен бірнеше күн бойы хата алмасқанын, жыныстық қатынасқа ешкім мәжбүрлемегенін айтып, ақталған.

Айта кетейік, 2017 жылы Неймар атақты Барселонадан ПСЖ құрамасына өткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1797507-atakty-futbolsy-nejmar-kyz-zorlady-degen-kdikke-ilindi/

pixel