RU
Ақтөбеде кішкентай қызға тиіскен 74 жастағы қария қылмыс үстінде ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде кішкентай қызға тиіскен 74 жастағы қария қылмыс үстінде ұсталды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде ПИК қызметкері үй ауласында балаға тиісіп тұрған педофилді ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбеде кішкентай қызға тиісіп тұрған 74 жастағы қария қылмыс үстінде ұсталды

Фото:Витебский Курьер

Жанжал бүгін көп қабатты тұрғын үй ауласында болған. ПИК қызметкерінің сөзінше, кішкентай қыз педофил құрбанына айнала жаздаған. Ауладан өтіп бара жатқан әйел адам үйдің арт жағындағы сұмдық көріністің куәсі болған.

Егде жастағы ер адам қыз балаға кәмпит беріп, оған тиісіп, сүйе бастаған. Әлеуметтік желіде тараған видео кадрларында күдікті кінәсін мойындамайды.

"Не істеп жүрсің? Менде де дәл осындай қыз өсіп келе жатыр. Ол үшін уайымдаймын. Балаға чупа-чупс беріп алдап алғансың. Оны ұстап, сүйгеніңді көрдім. Оны видеоға түсіріп, Instagram-ға салыңдар", - дейді ПИК қызметкері.

Тұрғындар шақыртуы бойынша полиция қызметкерлері оқиға орнына барып, ер адамды тұтқындаған. Күдікті сол үйде тұратын 74 жастағы қария болып шыққан. Полицейлердің мәліметінше, ер адам мас болған.

"Аталмыш факті бойынша, қылмыстық кодекстің 124 бабы "Жас балаларды азғындық жолға түсіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Өзге ақпарат қылмыстық іс аясында жарияланбайды", - деп хабарлады Ақтөбе облысы ІІД баспасөз орталығының басшысы Ерболат Сарқұлов.

Сіздің реакцияңыз
14
4
1
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel