RU
Президент WhatsApp арқылы тапсырма беретінін мойындады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Президент WhatsApp арқылы тапсырма беретінін мойындады

Рассказать Вконтакте

"Россия" телеарнасының "Вести недели" бағдарламасының жүргізушісі Андрей Кондрашовқа сұқбат берген Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желі арқылы жұмыс істейтінін мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев WhatsApp арқылы тапсырма беретінін мойындады

Фото: Акорда

Президент әлеуметтік желіде жұмыс істейтінін айтып, WhatsApp арқылы тапсырма беретінін мойындаған.

"Әлеуметтік желілерді пайдаланамын. Онда жұмыс істеймін. Айтпақшы, кейбір тапсырмаларды WhatsApp арқылы беремін. Қауіпсіздік жағынан дұрыс емес шығар, бірақ жылдам", - деп мәлімдеді мемлекет басшысы.

Бағдарлама жүргізушісі Қазақстан үкіметінде Twitter аккаунтын ашқан бірінші тұлғалардың қатарында Тоқаев болғанын есіне алды.

"Twitter-ді Біріккен Ұлттар Ұйымынан алып келдім. Онда Twitter-де өз парақшаңды жүргізу шарт болған. Осы байланыс түріне үйреніп қалдым. Twitter басқа сөзбен айтқанда жеке телеграф агенттігі.

Мысалы, бүгін облыстардың біріндегі полиция басшысы туралы бірнеше ауыз сөз жарияладым...

Біреуге телефон соғып, өтініш айтудың қажеті не? Twitter-ге жазсаң болды, бәрі бірден біледі", - деді президент.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Instagram парақшасын кеңес бойынша ашқанын жеткізді.

"Сонымен қатар, менің Instagram парақшам бар. Бірақ оны президент болғаннан кейін ашқанымды мойындаймын. Оны кеңес бойынша аштым", - деді ол.
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel