Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жолаушыларға танымал азамат екі автобус ортасында қалып, мерт болды

Опубликовано:

Шымкентте жолаушыларға сәт-сапар тілеп, нәпақа тауып жүрген азамат көлік апатының салдарынан мерт болды, деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте жолаушыларға танымал азамат екі автобус ортасында қалып, мерт болды
Көрнекі фото: otyrar.kz: Depositphotos

Шымкенттегі «Қырғы базар» аумағында түскі уақытта екі жолаушылар автобусы соқтығысты.

Куәгерлердің айтуынша, 47 жастағы жолаушы екі автобустың ортасында қалып қойған. Жедел жәрдем қызметі оны дереу алып кеткенімен, ақ халаттылар ер кісінің өміріне араша болып қала алмады.

Ауруханаға жеткізілген тағы бір науқас – автобус жүргізушісі. 1995 жылғы ер азаматың бас миы жеңіл жарақат алған.

Алғашқы медициналық көмек көрсетілген ол өзінің қалауымен үйіне жіберілді. 

Айта кетейік, екі автобустың ортасында қалып қойған 47 жастағы азамат көпшілік арасында «Жол болсын!» деген тілек пен бата тілеп, көпшіліктен ақша сұраумен танымал болған азамат. Жол-көлік апатына қатысты полицейлер қылмыстық істі тіркеді, тергеу амалдары қарастырылатын болады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797520-symkentte-zolausylarga-tanymal-azamat-eki-avtobus-ortasynda-kalyp-mert-boldy/

pixel