Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хан Шатыр" сауда орталығы бассейнге батқан қыздың өліміне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

"Хан Шатыр" сауда орталығының әкімшілігі Sky Beach Club бассейнінде көз жұмған бірінші сынып оқушысына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"2019 жылдың 3 маусымында Sky Beach Club жағажай клубында қайғылы жағдай орын алды.
Сағат тағы 11-лер шамасында баланың жағдайы судың ішінде нашарлаған.
Құтқарушылар қызды судан алып шықты. Мектеп тобының денсаулығына жауапты дәрігер әкімшілік дәрігерімен бірге сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетті. Өкінішке орай, барлық әрекет сәтсіз болды.
Баланың жақындары мен туыстарына қайғырып, көңіл айтамыз", -деді әкімшілікте.

Қазіргі уақытта сауда орталығына белгілі ақпарат осы. Аталған фактіні полиция тексереді, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797532-han-satyr-sauda-ortalygy-bassejnge-batkan-kyzdy-limine-katysty-pikir-bildirdi/

pixel