RU

СҚО-да бір апта бұрын жоғалған жасөспірімнің денесі көлден табылды

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында 27 мамырда із-түзсіз жоғалған жасөспірімнің денесі Шағалалы көлінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрнекі фото: Хабар 24
Көрнекі фото: Хабар 24: Facebook

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 жастағы жасөспірім 27 мамыр күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Бала ақыл-ойы кеміс диагнозымен ауруханада есепте тұрған екен. Оның денесі бүгін таңертең сағат 10:00-дар шамасында Шағалалы көлінен табылды.

"Балық аулауға барған балықшы осы баланың денесін тауып, тиісті органдарға хабар берген. Жасөспірімнің денесінен ешқандай зорлық белгілері байқалған жоқ", - дейді ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің аға инспектор Қуат Махметов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1797543-sko-da-bir-apta-bryn-zogalgan-zasspirimni-denesi-klden-tabyldy.html