RU
Тоқаев Нұр-Сұлтанда жиналған көпбалалы аналармен кездесуді Сағынтаевқа тапсырды

Тоқаев Нұр-Сұлтанда жиналған көпбалалы аналармен кездесуді Сағынтаевқа тапсырды

Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша президент әкімшілігінің басшысы Бақытжан Сағынтаев Үкімет үйінің алдына жиналған көпбалалы аналармен кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев Сағынтаевқа Нұр-Сұлтанда жиналған көпбалалы аналармен кездесуді тапсырды

Фото: express-k.kz

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter парақшасында жазды.

"Менің тапсырмам бойынша, президент әкімшілігінің басшысы Бақытжан Сағынтаев пен үкімет өкілдері кездесу өткізді", - деп жазды президент.

Тоқаевтың сөзінше, бүгін, 4 маусым күні жұмыс тобы көпбалалы аналардың мәселелерін қарайды.

"Мәселелерді Заң бойынша, тыныш, іскерлік жағдайда шешу керек", - деді мемлекет басшысы.

3 маусым күні 70 жуық көпбалалы ана үкімет үйінің алдына жиналып, мемлекет басшысымен кездесуді талап еткен еді.

Аналардың басты талабы жалдамалы емес, жекешелендіруге болатын баспана алу еді.

Сіздің реакцияңыз
12
1
0
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel