RU
Әсел Сәдуақасова 17 жасында түскен суретімен елді таңғалдырды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әсел Сәдуақасова 17 жасында түскен суретімен елді таңғалдырды (фото)

Рассказать Вконтакте

Әсел Сәдуақасова желідегі парақшасында 17 жыл бұрынғы суреттерімен бөлісті. Бүгінде кино саласындағы продюсерлікті қолға алған ару өнер жолына қалай келгенін еске алып, құрбыларына деген сағынышын білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жас кезіндегі фотоларын актриса өзінің Instagram парақшасында жариялады. Онда Сәдуақасова небәрі 15 жаста болған.

Ол атышулы қыздар тобына қалай қабылданғаны мен шоу-бизнес саласына жасаған алғашқы қадамы туралы айтып берді.

"Бұл уақыттан бері 17 жыл өте шықты. Барлығы құдды кеше ғана болғандай. Өте керемет кез еді. 15 жасымда Жітіқара ауылынан Алматы қаласына көшіп бардым.

10 сынып оқып жүрген кезімде, 17 жасымда Қазақстанның ең танымал тобының құрамына кіріп кеттім.

Сол сәттен менің шығармашылықтағы жолым бастау алды. Айналамдағы ғажайыптар үшін Алла тағалаға мың да бір алғыс. Асель, Асыл парақшаларыңды таба алмай жатырмын. Сендерді сағынып кеттім. Жақсы көремін" , - деп жазды актриса.

Желі қолданушыларының көбісі Әсел Сәдуақасованың табиғи сұлулығына сүйсініп, оның әлі де жас көрінетінін жазуда.

Сіздің реакцияңыз
6
2
1
1
0
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel