RU
СҚО-да шекарашы жүкті әйел мен бес жасар баланы құтқарып қалды

СҚО-да шекарашы жүкті әйел мен бес жасар баланы құтқарып қалды

Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстан облысында шекарашы ескі көпірден құлаған бес жасар бала мен жүкті анасын өлімнен арашалап қалды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

СҚО шекарашы жүкті әйел мен бес жасар баланы құтқарып қалды

Көрнекі сурет: 34374.info

Оқыс оқиға Уәлиханов ауданындағы Бидайық елді мекенінде болған. Бес жасар бала мен анасы ескі көпірден өтіп бара жатқанда, көпір ағашы сынып кетіп, бала суға түсіп кеткен. Анасы ойланбастан баланың артынан секірген, бірақ өзі суда жүзе алмайды екен.

Екеуі де суға бата бастаған. Абырой болғанда жақын маңда шекарашы Сергей Гайдай көлігін жуып жатқан.

Айғайлаған дауысты естіген жігіт бірден суға секіріп, көмекке асыққан.

"Сергей көлігін жуып жатқан. Көпір жақтан дауыстар естіген. Көпірде дүрлігіп оқушы қыздар жүгіріп, суға батып бара жатқан әйелге нұсқаған. Шекарашы әйел адамның қасына жүзіп барғанда, ол жылап, суға нұсқаған. Жігіт суда бала барын бірден түсініп, су астынан баланы тауып, оны және анасын жағаға алып шыққан", - деді Петропавл шекара отрядының "Солтүстік" аймақтық басқармасының өкілдері.

Баланы жағаға шығарған азамат оған алғашқы көмек көрсеткен. Соның арқасында бала қайта тыныстай бастаған.

Ер адам екі емес, үш адамның өмірін құтқарған. Суға батқан келіншектің аяғы ауыр екен.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, шіріп кеткен көпір жөндеу жұмыстарын талап етуде. Мұнда бұрын да қайғылы оқиғалар орын алған.

2002 жылы құтқарылған әйелдің 27 жастағы қайн інісі суға кеткен екен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel