Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әр адамның өз шындығы бар": Жанар Хамитова елден кешірім сұрады

Опубликовано:

Көпшілік "Астарлы ақиқат" бағдарламасының студиясына екінші рет келген Жанар Хамитованың өзгеріп кеткенін жарыса айтқан болатын. Жұрттың өзіне деген теріс пікірінен соң әнші тыңдармандарынан кешірім сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанар Хамитова. Фото: "Айта берсін" бағдарламасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Жанар Хамитова. Фото: "Айта берсін" бағдарламасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram
"Ашулану деген - өзгенің қателігі үшін өзіңді жазалау. Бірақ біз оны дер кезінде түсінбейміз. Түсіністік азайғанда ашуға булығамыз. Даусымыз да бәсең шықпайды.

Өйткені әр адамның өз шындығы бар. Көңіл тереземіз кірлесе, "әлемнің бәрін кір" дей салатын дәрменсіз пендеміз. Жан жылуын, жүрек сырын ұға бермейміз. Өйткені бөтенбіз. Сынауға асығамыз. Жығылғанды жұдырықтай жөнелетініміз тағы бар.

Тағдырға сыналған аруды табалай көрмеңіздерші, өтінем. Өмір өкпелеткенде өзегім өртенбеді. Қайсарлығыма қуат қосыңдаршы, құрметтілерім. Жанға демеу болыңыздаршы, жанашырларым. Ағаттығым үшін кешіріңіздер мені", - деді Жанар Хамитова Instagram парақшасында.

Ал желі қолданушылары әлі күнге әншіге өкпелі екендерін жасырмады.

"Өз өміріңді өзің қиындатып жүрсің", "Сенен қатты көңілім қалды", "Сол кезде Әбубәкірді жерге қараттың ғой. Сені қиындықтан алып шыққан сол жігіт еді", "Жақсылықты ешқашан ақшамен өтей алмайсың", "Атыңды өсіретін де, өшіретін де халық екенін ұмытпа", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Жанар Хамитова осыған дейін де көпшілікке видео-үндеу жолдаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1797585-r-adamny-z-syndygy-bar-zanar-hamitova-elden-kesirim-srady/

pixel