Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғаділбек Жаңай мәдениет саласының үздігі атанды (фото)

Опубликовано:

Ғаділбек Жаңай мәдениет саласының үздігі атанып, кеудесіне төсбелгі тақты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ғаділбек Жаңай. Фото: Ерғали Әбдірайымовтың жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Ғаділбек Жаңай. Фото: Ерғали Әбдірайымовтың жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Әнші қуанышты жаңалығымен Instagram парақшасында бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұраған.

"Бұл сіздердің жетістіктеріңіз деп білемін, ардақты ағайын. Сондықтан сіздерді құттықтаймын. Мәдениет саласының үздігі. Жеңіс пен жақсылық ортақ", - деп жазды Ғаділбек Жаңай.

Желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, жарыса құттықтады.

"Еңбегіңізді халық бағаласа, зая кетпегені", "Құтты болсын", "Сіз үшін қуаныштымыз", "Сіздей азамат марапат алып жатса, керемет қой. Жетер жетістіктер көп болсын", "Өнер жолында қанатыңыз талмасын".
"Өнерің өрге өрлей берсін", "Құттықтаймыз" деп желідегілер тілектестіктерін білдірген.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың қаңтарында әншінің әкесі өмірден өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1797586-gadilbek-zaaj-mdeniet-salasyny-zdigi-atandy/

pixel