RU
Астана банкінің топ-менеджері 160 млн теңге қаржыны жымқырған
Жаңалықтар Қоғам

Астана банкінің топ-менеджері 160 млн теңге қаржыны жымқырған

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда жұмысын тоқтатқан "Астана банкі" АҚ басшысының бұрынғы орынбасары Увалеев Е.Ж мен қаржы мекемесінің менеджері Жундугулова А.Х-ға қатысты сот үкімі шықты. Топ-менеджер 160 млн теңге қаржыны жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы Қазақстанның қаржы мониторингі комитеті мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: © Sputnik / Болат Шайхинов

Фото: © Sputnik / Болат Шайхинов

Қомақты қаржы жымқырылғанын комитеттің экономикалық тергеу қызметкерлері анықтады. "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" мемлекеттік мекемесінің есепшотынан 160 млн теңге жоғалып кеткен.

Бұл қылмыстың ұйымдастырушысы болып "Астана банкі" АҚ төраға орынбасары Увалеев Е. Ж танылды.

Тергеу барысында Увалеев 2012 жылдың соңында "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" мекемесінің атынан жалған төлем тапсырмасын жасап, өз бақылауындағы компания есепшотына жымқырылған қаржыны аударып алғаны анықталды.

Белгілі болғандай, бұл қылмысты жасырып қалуға оған алты жыл бойы сол банктің менеджері Жундугулова көмектескен.

Банк қызметкері ай сайын "РҚАО" бухгалтериясына жалған мәліметтер келтірілген өз есепшоттарын жіберіп отырыпты. Комитеттің мәлімдеуінше, бұл жайт мемлекеттік мекемеге оларға қатысты жасалған қылмысты білдіртуге мүмкіндік бермеген.

Тергеу кезінде күдіктілер өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды толықтай өтеді. Тергеу барысында Увалеев сот санкциясынан кейін қамауда болды.

№2 Сарыарқа аудандық сотының үкіміне сәйкес, Увалеев пен Жундугулова кінәлі деп танылып, сотталды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel