RU
"Алланың бергені": Аша Матай қысқа бойын сынағандарға жауап берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Алланың бергені": Аша Матай қысқа бойын сынағандарға жауап берді

Рассказать Вконтакте

Жұлдызды жұп Аша Матай мен Арман Қоңырбаев "Гәкку" телеарнасында желі қолданушыларының пікірлеріне жауап берді. Оған қоса, "Қалаулымның" экс- жүргізушісі өзін қысқа бойы үшін сынайтындардың көп екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: ok.ru

Фото: ok.ru

Желі оқырмандарының қатарында отандық жұлдыздарға мін тағатындар, әсіресе, Аша Матайға теріс пікір жазатындар қатары көбейген.

"Шынына келгенде, олар бір-біріне сәйкес келмейді. Ол сүйкімді жас жігіт, ал оның қасында Аша үлкен әпке сияқты. Бойы да кішкентай, мың тонна бояу. Тіпті, биік өкшелі аяқ киімдер де құтқармайды", -деп жазған фоллоуерлердің бірі.

Осы тектес сындарға әбден еті үйренген Аша еш қысыла қоймады.

"Бұрыннан айтылып жатқан әңгіме ғой. Мен өмірде бояусыз жүремін. Бар болмысым осы. Алла Тағаланың бергені. Мені дүниеге әкелгені үшін Алла Тағалама рахмет",- деді ол.

Ал Арман Қоңырбаев желі қолданушысымен келіспейтінін, әйелі өзі үшін ең сұлу екенін айтты.

"Мен үшін ол ең сұлу. Менің табынушым шығар, барлық ашуын әйелімнен алғысы келген шығар", -деді ол.

Сіздің реакцияңыз
1
6
1
0
4
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel