RU
Шәмшединова мен Тұрғымбаев "Хан-Шатырдағы" бала өліміне қатысты жауап берді

Шәмшединова мен Тұрғымбаев "Хан-Шатырдағы" бала өліміне қатысты жауап берді

Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мен ІІМ Ерлан Тұрғымбаев Нұр-Сұлтандағы "Хан-Шатыр" сауда орталығындағы хауызда болған қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шәмшединова мен Тұрғымбаев "Хан-Шатырдағы" бала өліміне қатысты жауап берді

Фото: ІІМ баспасөз қызметі/taldyk.info

Күләш Шәмшидинова мектеп жанындағы лагерьлерде балалар қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың жауапкершілігін қатаң бақылауға алу керегін айтып өтті.

Бұл мәселе "Хан-Шатыр" сауда орталығындағы жасанды хауызда суға батып кеткен бірінші сынып оқушының өлімінен кейін көтерілді.

"Білім және ғылым министрлігі мен ІІМ-нің балаларды жүзуге үйрету жайындағы бұйрығы бар. Осы жұмыстар атқарылуда. Жазғы (мектеп жанындағы - ред.) лагерьлерде істейтін адамдарға келер болсақ, әрбір мұғалім бала қауіпсіздігі мен өмірі үшін жауапты, олар арнайы оқудан өтеді. Мектеп лагерьлері бұрынғыша жұмыс істей береді. Жауапкершілікті қатайтуға келер болсақ, адамдарды жинап, не істеу керегін, бұйрық болу керегін түсіндірдік", - деді Күләш Шәмшидинова.

Сондай-ақ, ол кеше министрлік өкілдері оқиға орнына барғанын айтып, бәрін бақылауда ұстап отырғандарын жеткізді.

Ішкі істер министрі Тұрғымбаев аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, бейнебақылау камераларының таспалары зерттеліп, сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Негізінде ол жерде мектеп ұйымдастырған балалардың жазғы лагері болған. Кеше бассейнге 30 бала суға түскен. Қыз бала батып кетіп, қайғылы оқиға орын алды.

Дәл сол уақытта құтқарушы қайда болғанын, неліктен ол дер уақытында шара қабылдамағанын қазір анықтап жатырмыз. Ұйымдастырушылардың да жауапкершілігі мәселесі көтерілуде.

Олар балалар лагерін ұйымдастырып, неге қауіпсіздік шараларын сақтамағаны анықталуда", - деді министр.

Еске сала кетейік, "Хан-Шатыр" сауда орталығында суға батып кеткен қыз бала көпбалалы отбасынан шыққан. Сауда орталығының әкімшілігі баланың жағдайы суда нашарлағанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
3
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel