Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде футбол ойнап жүрген 7 жасар бала көліктің астына түсіп, мерт болған

Опубликовано:

Ақтөбелік полицейлер балалардың қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғаларының көбейіп кеткенін айтып дабыл қақты. Тәртіп сақшылары ата-аналардың сақ болуын ескертеді. Өңірде кеше ғана ауласында футбол ойнап жүрген бүлдіршін машинаның астында қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Облыстық жол қозғалысын ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Айдос Құлжановтың айтуынша, оқиға 3 маусым күні Ақтөбе қаласының Қарғалы ауданында орын алған.

Ол "Газ-53" көлігі 2012 жылғы баланы қаққанын, соның салдарынан бүлдіршіннің қаза тапқанын жеткізді.

"Балалар аулада футбол ойнап жүрген. Қақпадан шығып кеткен допқа жүгірген бала жазым болды. Полиция департаментімен жазғы уақытта балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында ата-аналарға ескерту жасаймыз. Жолда, су айдындарында, тіпті, ойын алаңында да балалардың қауіпсіздігіне баса назар аудару сұралады", - деді Айдос Құлжанов
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Қазір өңірде Ақтөбе облысы полиция департаментінің жеке құрамы жол көлік оқиғалары кезінде жарақат алған балаларға қан тапсыру шарасын өткізіп жатыр.

"Акциямыздың негізгі мақсаты – балалардың қатысуымен болып жатқан жол-көлік оқиғаларына көптің назарын аударғымыз келеді. Себебі балалардың жазатайым жағдайға ұшырау оқиғалары көбейіп кетті", - деді жол қозғалысын ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Жыл басынан бері өңірде балалардың қатысуымен 84 жол көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 93 бала дене жарақатын алып, 3 бүлдіршін қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797623-aktbede-futbol-ojnap-zrgen-7-zasar-bala-klikti-astyna-tsip-mert-bolgan/

pixel