Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құртып кетті": Өз балдызы отбасын ойран қылған азамат шарасыз халге түсті

Опубликовано:

Алғашқы жұбайынан үш баласы бар азамат келіншегі көз жұмған соң екінші рет үйленген. Алайда, қазір балдызының кесірінен жанұясы ойрандалудың сәл-ақ алдында тұр екен. Әйелінің сіңлісі айтқан өтірікті дәлелдей алмаған отағасы қандай әрекетке барарын білмей жүр деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: akloni.com
Көрнекі фото: akloni.com: Facebook

Үш баланың әкесі жұбайының сіңлісі үйге көп келетінін айтады.

 "Оның сіңлісі бар, сол қыз маған үнемі жылы болып жүретін, балаларыммен ойнап, селфи жасап, жанымыздан шықпайды. Кейінгі кезде ол бізге қонаққа жиі келетін болды, оған мән бермейтінмін",- дейді ол.

Бірақ, күндердің күнінде босағаны тоздырған балдыздың ойы да әшкере болған.

"Әйелім бірде ауруханаға баратын болып, балалармен отыра тұршы деп сіңлісін шақырды. Келіншегімді апарып тастаған соң  3 сағат бекер күтіп отырмайын деп көлігімдегі заттарды үйге апармақ болдым. Үйге келсем, балдызым маған жабысып, жақсы көретінін айтты. Ол қыз мені ұнатып қалыпты. Оның бұл қылығына ашуланып, үйден қуып жібердім", - дейді азамат.

Осылайша, жас қыздың әрекетіне таң қалған отағасы ауруханаға қайта барғанда мүлде жағасын ұстайды.

"Клиникаға балалармен барсам, әйелім жылап отыр, не болды десем, сіңлісі  бірінші хабарласып үлгеріпті.  Мен оған тиісті, санынан ұстады, мойнымнан сүйді деп шағымданыпты. Не айтарымды білмей қалдым.

Киімдерін жинап, кетіп қалды үйіне. Айтсам, жағдайды түсіндірсем, ештеңеге көнбейді. Сіңлісі жап-жақсы жанұяны құртып кеттіӘкесіне айтсам, балам біздің үйге жолаушы болма дейді.

Енді жұмысының алдында әйелімді күтіп отырмын, қашып жүр, сөйлескісі келмейді. Мен енді не үшін  кешірім сұрауым керек жасамаған ісіме, кешірім сұрасам, сіңлісіне тиісіпті деп ойлап қалады ғой",- дейді әбден шарасыз күй кешкен азамат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797624-baldyzyny-kesirinen-otbasy-ojrandalgan-azamat-sarasyz-halge-tsti/

pixel