RU
Алматы полициясы күшейтілген қызмет атқаруға көшті
Жаңалықтар Қоғам

Алматы полициясы күшейтілген қызмет атқаруға көшті

Рассказать Вконтакте

Алматы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелер мен қоғамдық орындарда қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу мақсатында "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде деп хабарлайды қалалық полицияның баспасөз қызметі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Жедел-алдын алу іс-шарасын ұйымдастыруға 2000-ға жуық полиция қызметкерлері қатысты.

Криминогендік жағдайды ескере отырып, полицейлермен қатар жаяу патрульдеу бағыттары бойынша Ұлттық ұланның 430 қызметкері жұмылдырылды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, екі күн ішінде "ізін суытпай" 57 қылмыс ашылған. Оның ішінде 2 есірткі заттарын өткізу фактісі, 3 бұзақылық, 3 тонау, 32 бөтен мүлікті ұрлау, 9 алаяқтық және өзге де қылмыстар бар.

Шара барысында іздеу жарияланған 4 қылмыскер ұсталған.

Сонымен қатар, 1 мың 554 әкімшілік заңнаманы бұзу фактісі анықталды. Олардың қатарында 122 ұсақ бұзақылық, 370 спирт ішімдіктерін ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу, 8 жүргізушінің алкогольден, есірткіден немесе уытқұмарлықтан масаю күйіндегі көлік құралын жүргізу фактісі және 382 қауіпсіздік белдігі тағылмаған көлік құралдарын жүргізу фактісі бар.

Сондай-ақ, ҚР Көші-қон заңнамасын бұзудың 37 фактісі анықталды деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті.

Бұған дейін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев іс-шаралар Нұр-сұлтан мен Қазақстанның басқа да қалаларында өткізілетінін хабарлаған еді.

Сіздің реакцияңыз
7
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel