Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жергілікті және шетелдік жұмысшылардың жалақысы туралы сөз қозғады

Опубликовано:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев біліктілік деңгейі тең шетелдік және жергілікті жұмысшыларға бірдей жалақы төлеу мәселесін көтерді деп хабарлайды Ақорда Twitter-не сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Әртүрлі жалақы төленуіне жол бермеу керек": Тоқаев қазақстандық және шетелдік жұмысшылардың жалақысы жөнінде
Фото: Akorda.kz: UGC

Мемлекет басшысының пікірінше, бірдей жұмыс атқаратын мамандар басқа ел азаматтары болғандары үшін ғана әртүрлі жалақы алмауға тиіс.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына барған сапары кезінде мәлімдеді.

Президенттің сөзінше, қазақстандық мамандар елімізге іскерлік мақсатта шақырту бойынша келген шетелдіктерден төмен жалақы алмауға тиіс.

"Біліктілік деңгейі тең шетелдік және жергілікті жұмысшыларға бірдей жалақы төлеу мәселесін бақылауға алу керек. Бірдей жұмысқа әртүрлі жалақы төлеуге жол беруге болмайды", - деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі президенттің сөзін дәйексөз ретінде келтіріп.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797646-tokaev-kazakstandyk-zne-seteldik-zmyssylardy-zalakysy-zninde-ajtty/

pixel