RU
"Бос әңгіме": Ләйлә Сұлтанқызы 30 жаста үй ала алмаймын дегендерге жауап берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Бос әңгіме": Ләйлә Сұлтанқызы 30 жаста үй ала алмаймын дегендерге жауап берді

Рассказать Вконтакте

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы 27 жасында қалай үш бөлмелі пәтер алғанын айтты. Ол түнімен ұйықтамаған кездерін, екі-үш жұмыста қатар атқарып, ақша жинаған күндерін еске алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Журналист бұл туралы өз Instagram парақшасында жазған.

"Мен қалай 27 жасымда Хрущевкадан 3 бөлмелі пәтер алдым?! 16 жасымда Алматыға оқуға түсуге келгенде бірінші арманымыз бөлме жалдап тұру болатын. Жатақханадан орын алу кәдімгідей қиын еді. Көп балалы, жағдайы нашар отбасы мен әлеуметтік әлсіз топқа жататындарға бірінші берілетін. Сөйтіп не жатақханадан орын бұйырмады, не пәтер жалдауға ақша жоқ, амал жоқ бөлме жалдадым. Араққұмар баласы бар қарияның ескі 2 бөлмелі пәтерінің 1 бөлмесін жалдадым.
Тараканмен төбелесіп оянасың, туалетіне противогазбен кіресің, холодильникке қойған тамағың жейтін кезде жоқ болады. Жаңарту деген атымен жоқ, әкеңнің ай сайын жіберетін көмегі 1 қап картоп. Мен семірмей кім семіреді, бірақ жылтырағы төгілетін Jado-ның алқызыл, көк бояуын көзге өлтіріп жағуды ұмытпайсың.
2-курста $50 (шамамен 7 мың теңге) айлық жалақысы бар жарты мөлшерлемеде радиоға жаңалықтар дикторы боп жұмысқа кірдім. Сонымен, айлық кіріс 1996-1998 жылдар аралығында 10 мың теңгеге жетті", - деп бастады ол әңгімесін.

Сұлтанқызы дәл осы кезеңде ата-анасының да қиын кезеңдерді бастан кешіргенін алға тартты. Бүгінде белді арнаның беделді жүргізушісі болып отырған ол үш бөлмелі пәтер алу үшін бес жыл ақша жинаған екен.

"Ол кезде қайта құрудан кейінгі кезең, ала қап арқалап әке-шешем қаңғып ол жүр. Базарда нан, семішке сатады. Тапқан 200 теңгеге бәрімізді асырауға тырысады. Мен 4 бала тудым деп өкіметке шағымданбады.
Содан 1998 жылдан бастап қосымша той жүргізгенім үшін $100 алатын болдым, айында жылында, соған мәзбін. Бірақ не пәтерге, не көлікке жетпейді. Сол жылдан бастап ТВ-ға сюжеттер жасаймын, радиода dj -мін, айлығым 50 мың теңгеге жетті. Жалдамалы бөлмеден 1 бөлмелі пәтерге ауыстым.
2003 жылға дейін тойым бар, айлығым бар, ақылы сценарий жазатыным бар, 5 жылда $7500 жинап, Хрущевкадан 3 бөлмелі пәтерге бауырым екеуміз қол жеткіздік. Әбден пәтерден пәтер жалдағаннан шаршағандықтан болар 47 шаршы метрлік пәтер сарай болып көрінетін. Менен бақытты адам болмайтын. Тіл де үйрендік, 2-3 жерде жұмыс істедік, ұйықтамай түнімен монтажда отыратынбыз", - деді журналист.

Өз еңбек жолын осылай әңгімелеген Ләйлә Сұлтанқызы 30 жаста баспана ала алмадым дегендерге өз кеңесін берді.

"Енді келіп 30-да пәтер ала алмаймын деу бос әңгіме. Айналайындар-ау, қазір мүмкіндік көп, шекара ашық, қорқыныш жоқ, тіл білсең, көзін тапсаң, 4 жерде жұмыс істеуіңе болады, отырып алып өкіметті кінәлап, елдің басына жуынды құйып коммент жазуға уақыт тапсаң, еш уақытта пәтер алмайсың, өзіңе көңілің толмаған күйі өмірің өте береді. Ешкімге ренжіме, әрекет ет", - деп қорытындылады ол.

Сіздің реакцияңыз
42
3
2
1
1
11
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel