RU
Бақытты өмір сүру үшін не нәрсені құпия сақтаған жөн?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Бақытты өмір сүру үшін не нәрсені құпия сақтаған жөн?

Рассказать Вконтакте

Сөздердің белгілі бір қуатты тасымалдайтыны бәріне мәлім. Сол себепті бірдеңені іске асырмас бұрын қуатыңызды бос сөзге жұмсауды қойыңыз. Нoroscopes.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ бәрі сіз ойлағандай болу үшін не нәрсені құпияда ұстау керек екенін ұсынады.

Фото: forresthealth.shghealth.com

Фото: forresthealth.shghealth.com

Рухани білім

Сіздің өз тәжірибеңізден алған сабағыңыз тек сізге тиесілі. Оны әркімге бір айтудың қажеті шамалы. Себебі бұл білім өте қымбат. Сондай-ақ, сұрамаған жерде ақыл айтамын деп жағдайды ушықтырып алуыңыз мүмкін.

Болашаққа деген жоспар

Кез келген іске аспаған жоспар - жай ғана жоспар болып қалмақ. Өзгелерге не нәрсені қалайтыныңызды тек соған қол жеткізген кезде ғана айтыңыз. Осылайша жоспарыңыздың күл-талқаны шықпайды.

Жеке оқиға

Өзіңіз туралы көп ақпаратты елге жария етпеңіз. Әсіресе, жақсы танымайтын адамдарға ашылмаған жөн. Олардың сізге қалай қарайтыны белгісіз. Өзгелердің негативті ойлары сізге кері әсерін тигізуі мүмкін.

Өсек

Өсек айтпаңыз. Біреулер труралы тексерілмеген жағымсыз ақпаратты басқаларға таратпаңыз. Бұдан барлығы жапа шегіп қалуы мүмкін.

Қайырымдылық

Кімге немен көмектескеніңізді өзгелерге айтпаңыз. Қайырымдылық - жоғары бағаланатын іс-әрекет. Егер сіз әр істеген жақсылығыңыз үшін мақтана беретін болсаңыз, даңдайсып кетуіңіз ғажап емес.

Мәселелер

Әркімге өз сәтсіздіктеріңіз жайлы баяндаудың қажеті жоқ. Ол тек сіз және сізді жақсы көретін жандар үшін қызық болуы мүмкін. Қалғандары сіздің өз жүгіңізді олардың мойындарына артып жатқаныңызға ашулануы ықтимал.

Сіз мәселелеріңізді айтқан сайын, олардың саны көбейеді. Себебі қуатыңызды тығырықтан шығудың жолын іздеуге емес, өмірге налып отыруға жұмсайсыз.

Жеке өмір

Сіздің махаббатыңыз - сіз бен сіз жақсы көретін жанның арасында қалуы керек нәрсе. Егер сізге кеңес қажет болса, өзіңізге өте жақын жанның көмегіне жүгініңіз. Басқалары махаббат хикаяңызға қызығып, қызғануы да ғажап емес.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel