RU
Жапонияда әйелдер биік өкшелі туфли киюге қарсы шықты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жапонияда әйелдер биік өкшелі туфли киюге қарсы шықты

Рассказать Вконтакте

Жапония актрисасы және жазушысы Юми Исикава жұмыс уақытында арнайы дресс-кодпен биік өкшелі туфли киюді міндеттейтін ережеге қарсы шығып, петиция жариялады. Оның идеясын 19 мың адам қолдаған деп хабарлайды news.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay

Көрнекі фото: pixabay

Исикаваның сөзінше, ұзақ жұмыс уақыты кезінде биік өкшелі аяқ киіммен жүру әйел адамның денсаулығына зиян келтіреді екен.

Жазушының сөзінше, бұл қан айналымын бұзып, омыртқаға күш салады.

Сондай-ақ, Исикава үкіметтің жұмыс істейтін ер азаматтарға біз өкше киюді талап етпейтінін де атап өтті.

Жазушының идеясын 19 мыңға жуық адам қолдады. Тыйым салуды жақтаушылар көптеген жапон компанияларында мұндай аяқ киімге қатысты талаптардың міндетті болатынын тілге тиек етті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel